Түркі әлемі географтарының ІІ Халықаралық конгресі
2024 жылдың қараша айында Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасында) Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XI саммиті өтті, онда «Тұрақты болашақ үшін бірлік» декларациясы қабылданып, «Түркі әлемнің жасыл көрінісі» бастамасы ұсынылды. Бұл құжаттар ТМҰ-ның стратегиялық бағыттарын анықтап, түркі мемлекеттері мен әлемдік қоғамдастық арасындағы байланысты нығайтады және Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) нақты мақсаттарына жетуге ықпал етеді. Оның ішінде:
ТДМ 6: Таза су және санитария
ТДМ 11: Тұрақты қалалар мен елді мекендер
ТДМ 13:Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
ТДМ 15:Жер экожүйелерін сақтау
ТДМ 17:Тұрақты даму мақсатында серіктестік
Саммит шешімдеріне сүйене отырып және халықаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысуға ұмтыла отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Географиядан Республикалық атаулы мектеп, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Эскишехир Османгази Университеті және Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті Түркі әлемі географтарының II Халықаралық конгресін өткізетіні туралы хабарлайды. Іс-шара 2025 жылдың 24-25 сәуірінде Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді.
Барлық қызығушылық танытушыларды Конгресс жұмысына белсене қатысуға шақырамыз!
КОНГРЕСС БАСТАЛҒАНҒА ДЕЙІН:
Дней
Часов
Минут
Секунд
КОНГРЕСТІҢ ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒАЛАРЫ
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректоры ф.ғ.д., профессор
Muhittin Şimşek
Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор
Темірбекова Жанар Аманғельдіқызы
Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры э.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Naci GENÇ
Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының міндетін атқарушы өкілі, профессор, PhD докторы
Медеу Ахметқал Рахметуллаұлы
«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы, г.ғ.д., профессор
Чонтоев Доғдурбек Токтосартұлы
Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ректоры, г.ғ.д., профессор, Қырғызстан Республикасы