Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Түркі әлемі географтарының ІІ Халықаралық конгресі өткізеді.
Конгрестің мақсаты – тұрақты даму бағытында ғылыми зерттеулерді жетілдіру, география саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Конгресс аясында тұрақты даму, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздік және аймақтық интеграция мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ, бұл шара ғылыми қауымдастықтардың өзара тәжірибе алмасуын, инновациялық әдістер мен технологияларды енгізуді, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған ортақ стратегияларды әзірлеуді көздейді.
Өтетін күні: 2025 жылдың 24-25 сәуірі.
Өтетін орны: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/20, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Farabi Hub.
Конгресс серіктестері:- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті
- Ж. Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университеті;
- ҚР «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ
- Эскишехир Османғазы Университеті
- Географиядан Республикалық атаулы мектеп
Қатысу формасы: Офлайн/Онлайн
Конгрестің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, түрік және ағылшын.
Конгреске қатысушылар: Конгресс жұмысына қатысуға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, аспиранттар, PhD-докторанттар, магистранттар, ЖОО студенттері және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.
Конференция бағдарламасына пленарлық, секциялық отырыстар мен шеберлік-кластар ұсынылады.